Антибиотикке төзімді бактериялардан өлім-жітім артып келеді
Антибиотикке төзімді бактериялардан өлім-жітім артып келеді
3 жыл бұрын 1547 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Вашингтон университетіне қарасты денсаулықты бағалау және көрсеткіші институтының ғалымдары әлем бойынша антиьиотикке төзімді бактериялардан болатын өлім-ітім көрсеткішінің жылдан ылға артып келе жатқанын айтып дабыл қағып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы thelancet.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұрын ем қонатын инфекциялық аурулардан көз жұматын науқстар қарасы геометриялық прогреспен артып келеді. Мәселен, 2019 жылы дәрі-дәрмекке бой бермейтін бактерияға байланысты инфекциялық аурулардан әлем бойынша 1,2 млн-нан аса адам бақилық болған. Ал бактерияның антибиотикке төзімді болуына байланысты осы уақытқа дейін өлгендер қарасы 5 млн-ға тарта адам антибиотикке төзімділінің артуына байланысты опат болған. Мәселен, 2019 жылы ВИЧ/ЖИТС-тен 860 адам қаза тапқан, ал безгектен (малярия) 640 мың адам өлген. Инфекциялық аурулардан Африка құрлығындағы елдерден,дәлірегі, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі елдерден, сондай-аұ, Азияның оңтүстігіндегі елдерден көз жұмғандар қарасы тым көп: Африкада – 100 мың адамға шаққанда 24 адам, ал Азияның оңтүстігінде 100 мың адамға шаққанда 6,5 адам инфекциялық аурулардан көз жұмған. Инфекциялық аурулардан өлгендердің әрбір бесіншісі – бес жасқа дейінгі балалар.

0 пікір
Мұрағат