Anthropic өз өнімдерін қытай компанияларына сатуға тыйым салды
Anthropic өз өнімдерін қытай компанияларына сатуға тыйым салды
3 ай бұрын 842 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде технологиясымен айналысатын, әлемге әйгілі OpenAI компаниясының бәсекелесі Anthropic компаниясы (Америка құрама штаттары) өзінің өнімдерін қытай компанияларына сайтпайтынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы британиялық Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Anthropic өкілдері мұндай шешімге не үшін келгендерін өз технологияларын қытайлар тарапынан әскери әрі барлау мақсаттарында пайдаланатындығымен түсіндірді. Осы орайда Қытай аумағында жасанды зердемен жабдықталған OpenAI компаниясының ChatGPT, Anthropic компаниясы әзірлеген Claude, Google өнімі Gemini чат-боттарына тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Осыған қарамастан қытай пайдаланушылары америкалық жасанды зердесін виртуалды жеке желінің (VPN) арқылы қолданып келген еді. Бұдан былай Anthropic компаниясы қытай пайдаланушылары үшін өз пайдаланатын жолдардың бәрін жауып, ешқандай саңылау қалдырмай, толық бұғаттамақ. Anthropic компаниясы тарапынан қолға алынған бұл сақтық шарасы қытай компанияларының шетелде еншілес компаниялар құра отырып, америкалық технологияларды жасырын түрде сатып алуы мүмкін деген күдікпен қабылданды. Қытай клиенттерінен айыруға әрі жүздеген миллион доллар шаамасында табыстан қағылуына апаратын мұндай саясат ByteDance (TikTok бас компаниясы), Tencent және Alibaba сияқты басқа да қытай компанияларына да қолданылуы мүмкін. Anthropic дерек көзі: «Бұл шара қытайлық компанияларға озық жасанды интеллектке қол жеткізуге мүмкіндік беретін кемшіліктерді жабуға бағытталған. Бұл саясат, сондай-ақ, Ресей, Иран және Солтүстік Корея сияқты АҚШ қарсыластарына да қолданылатын болады» деп мәлімдеді. Технологиялық индустрия америкалық жасанды зердені, жартылай өткізгіштері мен жартылай өткізгіш жабдықтарды АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық басымдыққа ие болу текетіресінде Қытайды АҚШ-пен теңестіруге арналған «қару» ретінде қарастырады. Қытай жасанды зердені дыбыстан жылдам ұшатын қарудан бастап ядролық қаруды моделдеуге дейінгі әскери мақсаттарда пайдаланады. Қытайдың технологиялық компаниялары өздерінің ұлттық әскери әлеуетін нығайту үшін қажетті жасанды зердені әзірлеуде. Егер АҚШ-тың жасанды зердесі Қытайдың әскери қуатын нығайтуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат