Анайы фильм көруді қылмыстық әрекетпен теңестіруі мүмкін
Анайы фильм көруді қылмыстық әрекетпен теңестіруі мүмкін
11 ай бұрын 1781 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jonas Leupe /. Unsplash

Америкалық штат сенаторы азғындыққа бастайтын анайы сайттарды қарауды қылмыстық жауапкершілік жүктелетін әрекетпен теңестіруді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Дасти Диверс есімді Оклахома штатының сенаторы ақпан айында қарауға енгізілетін заң жобасы «байыпты әдеби, көркемдік, білім беру, саяси немесе ғылыми мақсаты» жоқ эротикалық мазмұнды (контент) тұтынуға және өндіруге тыйым салатынын мәлімдеді. Аталмыш тыйым барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қолданылады. Жыныстық қатынасты ашықтан ашық дәріптейтін видео ойындар, фильмдер, мәтіндік жазбалар, сондай-ақ, ер немесе әйелдің жыныстық мүшесі мен өзге де ұятты жерлерін көрсететін материалдар заңнан тысқары, деп жариялансын. Бұл заң жобасы қабылданған жағдайда анайы сайттарды қарағандар немесе таратқандар, сақтағандар, таспаға тартып алғандар бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, екі мың доллар мөлшерінде айыппұл салынады. Ал мұндай контенттерді шығарғандарға он мыңдаған долларға дейін айыппұл салынады. Бұл заң талаптары бойынша тек ерлі-зайыптыларға ғана өздерінің жалаңаш суреттерін көруге, оның өзінде де бір-бірімен бөліскен жағдайда рұқсат етіледі. Осы орайда былтыр сайланған аталмыш бастама авторының - Дасти Диверстің баптистер пасторы болғанын айта кетпекпіз.

Ұқсас материал:

«Анайы сайттарға кіруге шектеу қойылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/anaiy-saittarga-kiruge-shekteu-qoiylady-19527/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат