Аң аулауға, спорттық жаттығуға арналған қарулармен қорғануға рұқсат етілді
|
Өзбек парламентінің сенаты пленарлық мәжілісте "Қару туралы" заңды мақұлдады. Аталмыш заң қару-жарақ түрлерін жіктеуді, сақтауды, қолдануды, т.б. реттейді. Осы орайда regnum.ru ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, қабылданған заңға сәйкес қару азаматтық, қызметтік және әскери мақсатта қолданылатын болып жіктелген. Аталған заңда азаматтық қару түрлеріне жатқызылған аң аулауға және спорттық жаттығуға арналған қару-жарақты қорғаныс мақсатында пайдалануға рұқсат етілді. Азамттық қару түрлеріне, сондай-ақ, газды баллон, аэрозол құрылғысы, электрлі шок разрядкасы жатқызылған. Сол заң бойынша қорғаныс мақсатында пайдалануға азаматтық қару түрлерін, суық қаруды, өткір әрі қауіпті шаруашалық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын заттарды өзімен бірге алып жүруге тыйым салынған. Азаматтық қару түрлерін аң аулауға шыққанда және спорттық шаралар өтетін кезде немесе жаттығу мақсатында алып жүруге рұқсат етілген. Азаматтық қару түрлерін сатып алуға Өзбекстанның ұлттық ұланының органы рұқсат береді. Азаматтық қару сатып алынған соң оны үш жыл мерзімге тіркейді. Содан кейін барып азаматтық қаруды мақсатына сай қолдануға, сақтауға, т.б. рұқсат етіледі. Азаматтық қару түрлерін қорғаныс мақсатында қолданған күннің өзінде алдын ала өзі қорғанған адамға ескерту жасау талап етіліп отыр. Ескертуге үлгермеген жағдайда немесе ескерту мүмкін болмаған жағдайда, яғни, азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнгенде бірден қолдануға рұқсат етіледі. Қорғаныс мақсатында қолданылған қару үшінші тарапқа зиянын тигізбеуі керек.