Американың ең бай заң шығарушыларының байлығы құлдықпен байланысты болып шықты
Американың ең бай заң шығарушыларының байлығы құлдықпен байланысты болып шықты
3 ай бұрын 872 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kaylee Greenlee Beal / Reuters

Америкалық дәулеті шалқыған заң шығарушылардың байлығы құлдықпен байланысты болып шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде PLOS ONE мерзімді басылымына жөн сілтеген Phys.org  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бұл бағытта Америка құрама штаттарының конгрес мүшелерінің салық декларацияларын және барлық 535 конгрессменнің құл иеленуші ата-бабалары туралы ақпаратты жинаған Reuters баяндамасында келтірілген деректерді талдаған екен. Ата-бабасы 16 немесе одан да көп құлға ие болған заң шығарушылардың таза байлығы бабасы құл иеленбеген заң шығарушыларға қарағанда шамамен бес есе жоғары екені белгілі болды. Бұл ретте әл-ауқат көрсеткіштеріне жыныс, жас, нәсіл және білім факторлары аз әсер еткен. Ғалымдар заң шығарушылардың ата-бабаларының әрекеті үшін жауап бермейтінін ескерткен. Дегенмен, бұл тараптағы зерттеу нәтижесі АҚШ-тағы құлдық тарихының бүгінгі күнге дейін өз әсерін тигізіп келе жатқанын дәлелдеп берді. Ғалымдар аталмыш зерттеуде 1776 жылы құрама штаттар құрылғанға дейінгі ата-бабалардың тарихы ғана ескерілгенін алға тартып отыр. Бұған дейін Reuters агенттігі АҚШ-тың 46-шы президенті Доналд Трамптың ақ құл иеленуші отаршылдардың ұрпағы емес жалғыз көзі тірі америкалық көшбасшы екенін анықтады. Сонымен қатар, қазіргі мемлекет басшысы Жо Байден және Жимми Картер, Жордж Буш және Билл Клинтон сияқты басқа да экс-президенттер құл иелерінің тікелей ұрпақтары болып шыққан. Тіпті, Барак Обаманың анасы жағынан бабасының құл иеленгені белгілі болып отыр.

0 пікір
Мұрағат