Америкалықтар су астында жұмыс істейтін, құпия, ұшқышсыз ұшақты көрсетті (видео)
|
Америкалық Northrop Grumman қару-жарақ өндіруші компания DARPA су астында жұмыс істейтін ұшқышсыз аппарат түріндегі жобасы аясында Manta Ray құпия беспилотнигін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы volklib.by ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Manta Ray алдағы уақытта құрастырылуы тиіс XLUUV су астындағы ұшқышсыз ұшқыштың тәжірибелік үлгісі ретінде алға шығады. Бейнедегі көрініске сүйенсек, Нортроп Грумман пішінні бөлек, дәлірегі, жалпиған теңіз жыртқышын, яғни, скат акуланы еске түсіретін көлемді әрі футуристік су асты көлігін жасады. Әзірлеушілер жаңа су астындағы дрон қауіпті жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде адам өміріне қауіп төндірмеуге көмектесетінін алға тартып отыр. Теңіз дронының күрделі құрылымы ірі жүкті ұзақ қашықтыққа автономды түрде, яғни, дербес тасымалдау мүмкіндігінен хабар береді. Өте күшті гидродинамикалық корпус дронға су бетіне көтеріліп, айтарлықтай тереңдікке сүңгуге мүмкіндік береді. Қозғалыс пен маневр жасау үшін теңіздегі ұшқышсыз ұшақ қанаттардың шетіне орнатылған екі төрт жүзді винтті пайдаланады. Қажет болса, Manta Ray теңіз түбінде кідіріп, аялдай алады.