Америкалық сарбаздар Microsoft компаниясының ақылды көзәйнектерімен жабдықталады
|
АҚШ билігі әскер үшін Microsoft корпорациясынан 10 000 смарт көзілдірік сатып алмақ. Бұл жайында islam.kz порталы ArmyTimes ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ армиясы 2023 жылы аралас шындық гарнитураларын кеңінен қолдануды бастауды жоспарлап отыр. Смарт құрылғылар бюджеті 22 миллиард долларға бағаланған Integrated Visual Augmentation System (IVAS) бағдарламасының аясында жеткізіледі. Америкалық сарбаздарға және жедел және оқу жаттығу бөлімшесіне 5000 гарнитур тікелей жеткізілетін болады. Ақылды көзәйнек Microsoft HoloLens девайсв негізінде әзірленген. Аталған технология қосымша шындық, түнгі көру функцияларымен және нысанына табу опциясымен жабдықталған. АҚШ армиясы құрылғыны 2021 жылдың соңында алуы керек еді, содан кейін мерзім 2022 жылдың қыркүйегіне ауыстырылғанымен техникалық ақауларға және жетілдіру қажеттілігіне байланысты аралас шындық гарнитурасын уақытында жеткізу мүмкін болмады. Қазан айының ортасында Bloomberg инсайдерлері Microsoft корпорациясының толықтырылған шындық гарнитурасының сынағына қатысқан АҚШ әскерилерінің құрылғыны сынға алғанын жазған болатын. Америкалық әскери қызметкерлердің 80 пайыздан астамы гаджетті пайдалану кезінде бастары аурырып, жүректері айныған.