Америкалық сарапшы Қытай билігін «адамзатқа қарсы қылмысқа барды» деп айыптап отыр
Америкалық сарапшы Қытай билігін «адамзатқа қарсы қылмысқа барды»  деп айыптап отыр
5 жыл бұрын 8952 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айтайық, Қытай биологиялық қаруды іске қосты, деп жаңсақ түсініп қалып жүрмеңіз. Бүгінде күллі әлемді шарпыған жұқпалы індетке Қытай билігі кінәлі. Неге? The National Interest ақпарат көзінде жарияланған Гордон Чан есімді америкалық сарапшының мақаласында айтылғандай, біріншіден, Қытай билігі короновирус пандемиясының алдын алуға қам жасамады – жұқпалы індет туралы ақпаратты барынша бұрмалаған. Қытай әлемнен оқшауланып қалмасы үшін осындай қадамға барды, деп есептейді. Яғни, өзге елдер өз азаматтарына Қытайға туристік немесе іскерлік мақсатпен баруына тыйым салып, экономикалық байланысқа салқынын тигізеді, деген қорқыныш Қытай билігін жалған ақпарат беруге итермелеген. Яғни, саналы түрде шындықты жасырған өз мүддесі үшін. Кейін жұқпалы індетті жасыру мүмкін болмаған жағдайда ғана дабыл қақты. Десе де Қытайдың Ухан қаласында ғана таралып, аталған елдің қалға аумағына таралмауы да күмән тудыратынын жасырмапты. Мұны бұқаралық ақпарат құралдары жазып жүргендей, Қытайдың қатаң тәртіппен жұқпалы індеттің өзге аймақтарына таралуына жол бермегенінен деп. топшылайтындар бар. Қытайдың бір ғана қаласында ғана таралып, өзге қалаларға таралмай, күллі әлемге таралып кетуінен күмәнданатындар бар. Бұдан бөлек, жұқпалы індет ошағы болған Ухан қаласында бактериологиялық зертхана бары да күмәнді қоюлата түседі. Аталмыш зертханадан індетті қасақана таратпаған күннің өзінде байқаусызда сыртқа шығып кетті, деп есептейтіндер бар. Қытай билігі осылайша адам шығынына да, экономикалық шығынға да жол беріп отыр. Әу баста бұл індетті жұқпалы емес, деп вирустың ерекшелігі мен қауіптілігін жасырған болатын. Тіпті, Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымының «аузымен айтқызды». ДДСҰ Қытай билігінің жалған ақпаратына сеніп қалды. ДДСҰ-ға сенген елдер жұқпалы індеттің алдын алу үшін қам жасап, сақтық шараларын қолға алмады. Нәтижесінде әлемдегі жұқпалы індетке шалдыққандар қарасы айналдырған аз уақыттың ішінде 1 млн адамнан асып кетті. Бұған қоса, Қытай дабыл қағып, індеттің жұқпалы екенін мәлімдегенімен аталмыш індеттен зардап шеккендер санын төмендетіп көрсетті, деп есептейді америкалық барлау қызметі. АҚШ-тың короновирус инфекциясымен күресті үйлестіруші Дебора Брикстың айтуынша, жұқпалы індетке шалдыққандар санын төмендетіп көрсету арқылы Қытай билігі өзгелерді тағы «адастырған»: өзге елдердің эпидемиологтары короновирусты ары кетсе 8 мың 98 адамды кеселге ұрындырып, 774 адамның өмірін қиған SARS секілді вирус деңгейінде көріп, аса қауіптене қойған жоқ. «Қытай көсемдері желтоқсан және қаңтар айларында нені жоспарлағанын біз білмейміз. Алайда, олар COVID-19-дың Қытайға не істегенін білді»,- деп жалғастырады Гордон Чан. Қытай адамзат алдындағы бұл айыбын қалай жуып-шаяды? Теннеси штатынан сайланған сенатор Марша Блэкберн АҚШ-тың қарызының бір бөлігін кешіруі тиіс деп есептейді, бұған қоса, Қытайды сотқа беріп, келтірілген зиянның орнын толтыру үшін 20 трлн доллар төлеуі тиіс, деп санайды. Тек АҚШ емес, Үндістан да Қытайға қарсы талап арыз берді. Ал британдық DailyMail ақпарат көзі келтірген дерекке қарағанда, Ұлыбритания короновирустен келген шығынның орнын толтыру үшін Қытай тарапынан 351 млрд фунт стерлинг талап етіп отыр. Гордон Чанның топшылауынша, мұндай шаралар нәтижесіз аяқталады. Қытай олардың талабын орындамайтынын алға тартып отыр. Ол қалыптасқан күрделі ахуалдан жұқпалы індеттен зардап шеккен елдер қытай активтерін бұғаттау арқылы шыға алатынын айтып отыр. Қазірдің өзінде АҚШ-та АҚШ-тың 1 трлн доллардан асатын қазынашылық міндеттемесін тәркілеу мүмкіндігі қызу талқыланып жатыр. АҚШ-тан өзге Жапония, Канада, Швейцария, Белгия, Ұлыбритания, т.б. Қытайдан ықпайтын державалар өтемақы өндіріп алу жолдарын қарастыруда. Әлбетте, Қытай да қарап қалмайды. Елдегі аталған мемлекеттердің активтерін бұғаттайды. Алайда, Қытайға бұл шара көмектесе қоймайды. Өйткені, Қытай өзінің экономикасын жандандыру үшін шетелдік кәсіпорындарға мұқтаж.

0 пікір
Мұрағат