|
Америкалық мұсылман дәрігерлер бес жылда жалпы құны 1 млн доллардан асатын медициналық процедуралар бойынша тегін емдеген
|
Америка құрама штаттарының Сан-Хосе қаласындағы Evergreen ислам орталығында дәрігерлер жексенбі сайын пациенттерді наным-сеніміне, әлеуметтік мәртебесіне, нәсіліне, шыққан тегіне, т.б. қармай тегін қызмет көрсетіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде localnewsmatters.org сайтына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қала тұрғындары орталықта тәс дәрігеріне, психиатрға, терапевтке, т.б. тегін қаралып, тегін ем алған. Алдымен талдауға қан, өзге де биологиялық құрамдарды (сілекей, зәр, т.б.) тапсырып, медициналық тексеруден өтуі тиіс. Негізінде ислам орталығында тегін қызмет көрсетуге әзір волонтер дәрігерлер жұмыс істейді. 2020-2025 жылдар аралығында олар 650-ден аса пациентті қабылдап, жалпы құны 1 млн доллардан асатын медициналық қызметті тегін көрсеткен. Мұсылман дәрігерлердің бұл тегін қызметі медициналық сақтандыруы жоқ науқастарға көп көмегін тигізіп келеді. Пациенттер бұл орталықта тек денсаулығын оңалтып қана қоймай, сонымен қатар, рухани қолдауға да ие болады.