Америкалық ғалым исламды қабылдады (видео)
|
Генри Классен есімді Калифорния университетінің офтальмологы және діңгекті жасушалар саласының ғалымы, дәрігер осы Рамазан айында исламды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті мұсылман жамағаты жетекшісінің жанында тілін кәліимаға келтірді. ӘбдіХақ деп есімін өзгерткен америкалық ғалымның мұндай қадамға баруына Ақиқатты исламнан тапқаны себеп болған. Генри Классен тұқым қуалайтын соқырлықты діңгекті жасушалар негізінде емдеу әдісін іздестіруде. Офтальмологияның білікті маманы ұзақ жылдар бойы дегенеретивті көз ауруларын зерттеп келеді. Оның ұйғарымымен көздің торлы қабығының прогениторлық жасушаларын трансплантациялау арқылы тәжірибеге арналған, көздің торлы қабықтары деградацияға ұшыраған кеміргіштердің фоторецепторлардың қызметін жақсартуға болатыны дәлелденді.