Алланы «ібіліс» деп атаған әйел жазасын алды
Алланы «ібіліс» деп атаған әйел жазасын алды
10 жыл бұрын 5670

Ұлыбританияның Роуз Уайт есімді 68 жастағы тұрғыны Манчестердегі мұсылман қыздарына білім беретін мектеп әкімшілігіне хат жолдап, мұсылмандарға жала жапқан. Нақтырақ айтқанда, ол мұслмандарды Алла бейнесіндегі ібіліске құлшылық етіп жүр деп, ойына келгенін айтқан. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. «Сіздердің оқушыларды мұсылманша киіндіріп, шайтанның рөлін қабылдауға мәжбүрлеудесіңдер»,- деп жазыпты исламофоб әйел хатында. Ол мұнымен ғана шектеліп қалмай, мұсылмандарды христиандықты қабылдауға шақыруды өзінің христиандық парызы дп білетінін жеткізген. Аталған білім ошағының директоры Муна Мұхаммед қолына тиген хатты бірден полицияға тапсырған. Сот оны 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу турасында үкім шығарды.

0 пікір
Мұрағат