"Алла" деген есімін ауыстырудан бас тартып отыр
|
Индонезияның ислам діні органы ағаш ұстасы болып істейтін «Алла» есімді мұсылман жігітінен есімін ауыстыруды талап еткенімен ағаш ұстасы олардың талабына құлақ асар емес. Оның төлқұжатында жазылған есімі жергілікті тілде «Алла» немесе «Құдай» деген мағына береді. «Біз пұтқа табынушылыққа алып келетін теріс ұғымнан қашу үшін оған есімін ауыстыруды кеңес етеміз», - деді индонезиялық мұсылман ғалымдары кеңесінің жетекшісі Бұхари Әбдісамат. Бұл жайында IslamNews порталы International Business Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Біз сөз етіп отырған 42 жастағы жігіт ағасының есімі – Тухан, аудармасында «Құдай» мағынасын береді. Туханның өзінің айтуынша, ол көп балалы отбасынан шыққан, үйдің кенже ұлы. Әке-шешесі өзіне неге мұндай есім қойғанын білмейді. «Бұл менің әке-шешемнің қойған аты, маған тарту еткен сыйы. Мен Құдай емеспін ғой, мен жай ғана Туханмын. Мен қарапайым адаммын, мен бар-жоғы ағаш ұстасымын»,- деп жауап берген екен.