Алжуға қатысты ашық хат жазылды
|
Голландықтардың NRC мерзімді басылымы бір топ ғалымның ел билігін деменцияның, яғни, алжудың алдын алуға қатысты жазған ашық хатын жариялапты. Қарттарға тән ауруды емдейтін мамандар денсаулық сақтау министрлігін аталмыш дерттік салдарымен емес, себебімен күресуге, яғни, алдын алуға шақырған. Өйткені, олардың айтуынша, аталған сырқатқа шалдыққандар қарасы жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл – бір деңіз, екіншіден, аталған дерттің нақты бір емі жоқ. Сондай-ақ, аталған дертпен күресуде, яғни, алдын алудың ең маңызды мүмкіндігін уыстан шығарып алатынын жеткізген. Ғалымдардың есебінше, егер аталған дерттің алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдап, оны жүзеге асырса, 12 жыл ішінде пациенттердің қарасын 20%-ға дейін кемітуге қол жеткізілмек. Яғни, аталған дертке шалдығатын науқастардың қарасын жылына 5000 адамға дейін азайтуға болады. Бұдан бөлек, жыл сайын аталмыш дерт бойынша жұмсалатын қаражатты екі млрд еуроға дейін үнемдеуге болады. Соңғы 30 жыл ішінде алжуға қарсы дәрі жасауға миллиардтаған қаржы кетіп жатыр. Құмға сіңген судай одан нәтиже болмай тұр. Сол себепті, профилактикадан өңге немесе өзге тиімді жолы болмай тұр. Аталмыш дертпен күресуде. Голландияда деменцияға қарсы мемлекет деңгейінде ұлттық бағдарлама қабылданған болатын. Аталмыш бағдарламада алжудың алу, алығандардың азабын жеңілдету, т.б. шаралар қамтылған. Осылай дей келе ғалымдар еуропалық шағын елде – Голландияның бір өзінде 2040 жылы жарты млн адам, яғни, 500 000 адам осынау дертке шалдығатынын алға тартып отыр. Осыған байланысты бұл дертке қарсы күреске бөлінетін қаражаттың мөлшері де бірнеше асатын болатын. ақтырақ айтқанда – жылына 9 млрд еуроға жетеді. Естеріңізде болса, деменция туралы кезінде азды-көпті айтып өткенбіз. Қараңыз: «Деменция» сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/demenetsiya-11669#gsc.tab=0). Осы айтылғандарға алып-қосарымыз әрі бұрын да айтып кеткеніміздей, елімізде аталмыш дертке үстірт қарау, нақты статистикасының болмауы, алжуды тек қарттарға тән ауру деп жаңсақ ойлап, белгілі бір тар аядағы стеоротиптен арылмау, т.б. әлі күнге кездеседі. Әлем бойынша деменцияның өсуіне адамзат қарасының көбеюі мен халықтың қартаю процесі әсер етуде. Бұлар тек сыртқы факторлар ғана, шындығында, аталмыш дерттің тамыры тереңде жатыр. Бұл өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін тақырып.