|
Әлі Хаменейдің көзі жойылды
|
Иранның мемлекеттік теледидар эфирінен елдің жоғары көсемі Әлі Хаменейдің сенбі күні (ақпан айының 28-і күні) қаза тапқаны хабарланды. Аятолланың қазасынан соң 40 күн аза тұту әрі 7 күндік каникул жарияланды. Иран президентінің кеңсесі Иран басшысының қастандықпен өлтірілуі жауапсыз қалмайтынын ескертті. Өз халқын қорқыныш пен үрейдің, репрессияның тетіктерімен ұстаған тағы бір диктатордың көзі жойылды. Аятолланың көзін жою операциясын Америка құрама штаттары мен Изарил жүзеге асырды. Әлі Хаменейдің қазасынан соң Израил премьер-министрі тек аятолла ғана емес, сонымен қатар, Иранның сақшылар корпусының (аталған елдің саяси әрі әскери таңдаулы күштік құрылым) бірқатар жоғары лауазымды тұлғаалары да қаза тапқанын мәлімдеді. Осылай дей келе Израил премьері аятолланың езгісінде жаншылып келген Иран халқын билікті өз қолдарына алуға шақырды.