Алғашқы исламдық финтех - tayyab Түркияда өз қызметін бастады
Алғашқы исламдық финтех - tayyab Түркияда өз қызметін бастады
2 жыл бұрын 1612 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Компания Albaraka Turk-тің еншілес кәсіпорны - Insha Ventures-пен келісімге қол қойылғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Tayyab және Insha Ventures (Albaraka Turk-тің еншілес кәсіпорны) FLYP платформасы арқылы Insha Ventures ұсынатын инфрақұрылым бойынша Түркияда исламдық қаржы қызметін іске қосу үшін ынтымақтастық туралы келісімге Ыстамбұлда қол қойды. Аталмыш сервис 2023 жылы іске қосу жоспарлануда, сіз дизайнды таңдап, 2022 жылдың 26 ​​желтоқсанынан бастап www.tayyab.com.tr сайты арқылы tayyab картасына алдын ала тапсырыс бере аласыз. Albaraka Türk негізін қалаған Insha Ventures - финтех стартаптарына қызмет көрсететін Түркияның алғашқы және ең ірі компаниясы. Islamic Fintech Tayyab өз клиенттеріне VISA халықаралық төлем жүйесіне негізделген бірегей сандық және нақты исламдық төлем карталарын, Apple Pay және Samsung Pay қоса алғанда ақша аударымдары мен төлемдерін және Tayyab қосымшасы арқылы мұсылмандардың күнделікті діни тәжірибесіне арналған қызметтерді ұсынады.

0 пікір
Мұрағат