Әлеуметтік желідегі жазбалар виза «тағдырын» шешетін өлшемге айналып келеді
Әлеуметтік желідегі жазбалар виза «тағдырын» шешетін өлшемге айналып келеді
4 ай бұрын 1066 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі визаға өтініш берушілердің интернеттегі белсенділігін мұқият зерттейді, сараптайды, бағалайды, соның негізінде елге кіруге және тұруға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The News ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Togay сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарашидегі (Пәкістан) бас елші Бақыт Атика әл-Ремейтидің айтуынша, Пәкістанда немесе БАӘ-де қандай әлеуметтік медиа платформасын пайдалансаңыз да, сіз бөліскен немесе ұнатқанның бәрінің электронды ізі «сайрап» жатады. Егер сіз жаман нәрселерді бөліссеңіз немесе ұнатсаңыз, осының өзі сізге виза беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін. Осылай деген елші кез келген заңсыз әрекет, соның ішінде елге, оның үкіметтік институттарына немесе саяси қайраткерлеріне қарсы бағытталған үгіт-насихат тарату да құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті немесе ескертті. Осы орайда тек БАӘ ғана емес, сонымен қатар, Америка құрама штаттары, Қытай халық республикасы да виза алғысы келетін шетелдіктерден заңға томпақ келетін әлемжелідегі жазбасын байқаса, ондай тұлғалардың өтінішін қанағаттандырмайтынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат