Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі әлемжелідегі анонимді (бүркеншек атпен ашылған жасырын парақшалар) аккаунттарды жабу туралы шешімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің әділет министрі Ақын Гүрлекке жөн сілтеген mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Аккаунт ашқан адам өзінің парақшасындағы жазбалар мен жарияланымдарға жауапкершілік алуы тиіс», деп мәлімдеді ол. Бұл арада анонимді аккаунттарды бас салып бірден жаппайда, парақша иелеріне ресми тіркелуге төрт ай уақыт мұрсат берілуі мүмкін. Алайда, бұл бастамаға сын айтқан наразы топтар биліктің бұл қадамын сөз бостандығын шектеу, демократиялық құндылыққа қайшы деп санайды. Ойын ашық айтуға жасқанатындар анонимді аккаунт арқылы өз пікірін еркін білдіре алады. Десе де бүркеншек атпен ел арасына жік салып, түрлі арандату материалдарын да жариялайтындар бар. Мұндай аккаунт иелері мемлекет қауіпсіздігі мен ұлт тұтастығына қатер төндіреді. Осы орайда бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әділет министрлігінің әлемжеліде он бес жасқа толмағандарға отыруға тыйым салатын заң жобасын әзірлегені туралы хабарлағанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат