Әлеуметтік желіде иман тұрақтылығын паш ететін фото-айғақ пайда болды (фото)
|

Әлеуметтік желіде Алжирдың Борж-Бу-Аррериж қаласында орын тепкен Әбу Бәкір әл Сыдық мешітіндегі фотосурет кезінде, дәлірегі, 2023 жылы бір сағат ішінде шартарапқа танымал болған еді. Онда қасиетті Рамазанда, яғни, сәуір айында Тарауық намазы кезінде мешіт имамының иығындағы мысық көпшіліктің назарын өзіне аударған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемжеліде санаулы сағатта бірнеше миллион қаралым жинаған Уәлид Мексас есімді имамды артынан Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман ұмра қажылығына шақырған болатын. Өз есебінен. Содан бері екі жыл көзді ашып-жұмғанша өте шығыпты. Бұл сурет те тарихқа айналып, ұмыт болып қалар ма еді, сол иммамның суреті тағы пайда болмағанда. Алайда, мысық емемс, бұл жолы әлемжелі пайдаланушыларының наазарын Тарауық намазында жағамағаттың алдыңғы сапында тұрған екі адамның сол бұрынғы орнынан табылғаны таңқалдырды. Имамның артында тұрған екі адамның иман тұрақтылығына қайран қалды.




