|
Әлемнің тағы бір ең қарт тұрғыны белгілі болды
|
Әлемнің тағы бір ең қарт тұрғыны белгілі болды. Ол – Малайзия тұрғыны Яти Мусди (Yati Musdi). Елдің ұлттық тіркеу департаментінің дерегіне қарағанда, кейуана 1899 жылдың сәуір айының 27-і күні дүниеге келген. Жасы 116-ға келген қария Жоһор штатындағы Бату Пахат ауданында тұратын 42 жастағы немересі Мусдидің қолында. Кейуана қасиетті Құранды қолынан тастаған емес, күн сайын тәһажуд намазын оқиды. Егер оның жасы ресми түрде расталатын болса, онда ол АҚШ-тың 115 жастағы тұрғыны Джералин Тэллиден (Jeralean Talley) де әлемнің ең ұзақ жасаған адамы ретінде танылады. Кейуананың денсаулығы тың, қан қысымы жоқ, көзілдіріксіз оқи алады, санасы сергек, есте сақтау қабілеті мықты, тек құлағының аздаған мүкісі бар.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін