Әлемнің сауда орталығы қай қалада орналасқан
Әлемнің сауда орталығы қай қалада орналасқан
7 жыл бұрын 5576 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

CBRE есебінше Дубай қаласы Лондон мегаполисін артқа тастап, әлемдегі ең халықаралық сауда орталығы мәртебесіне қол жеткізген. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, араб қаласы халықаралық брендердің шоғырлануы бойынша көш бастаған: аталған шаһарда бөлшек саудадағы брендердің 62%-ы шоғырланған. Мәселен, өткен Дубайға 59 жаңа бренд келген. Осылайша осы заманғы араб қаласы Еуропа компанияларынан 40% жоғары брендке ие болған. Жаңа брендтердің саны бойынша Дубайды тек Гонконг (86 жаңа бренд) орта жолда қалдырған екен. Ал Дубай екінші орыннан көрінген. Одан кейінгі орынға Тайбэй (52) жайғасқан, төртінші орынға Лондон (49) табан тіреген. Ал бесінші орында Токио (46) тұр. Сарапшылардың есебінше, Дубайдың бөлшек сауда нарығы алдағы 5 жыл ішінде қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайызға, яғни, 1,5 млн шаршы метрге ұлғаяды. 

0 пікір
Мұрағат