Әлемнің орталық банктері АҚШ-тан "ат-тонын ала" қашып жатыр: АҚШ-тан қанша тонна алтын қайтарылды
Әлемнің орталық банктері АҚШ-тан "ат-тонын ала" қашып жатыр: АҚШ-тан қанша тонна алтын қайтарылды
7 жыл бұрын 4566 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылдың бас кезінен бастап АҚШ-тың 18 тонна алтын әкетілген, дәлірегі, сәуір айында жүргізілген мониторинг нәтижесінен бегілі болғандай, АҚШ-тың федералды резерв жүйесінда 5,7 мың тоннадан аса алтын қалған. АҚШ-та сақтаулы бағалы металды ақшаға шаққанда 240,3 млрд долларды құрап отыр. Бұл жайында Invest Brothers ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тан өз активтерін әкеткендердің қатарында, бұрында хабарлағанымыздай, Түркия, Германия, Нидерланды және Белгия бар. 2007-2009 жылдар аралығында еуропалық банктер АҚШ-тағы алтын қорына жиі жүгінген. Содан соң 2014-2016 жылдарында әлемдік қаржы дағдарысына байланысты АҚШ-та сақтаулы жатқан алтын қорынан көп алғаны белгілі болды. Осыдан он жыл бұрын АҚШ-тан 409 тонна алтын алынған екен, ал 2013-2016 жылдар аралығында - шамамен 424 тонн, бұл аталған ел аумағында сақтаулы жатқан алтын қорының жалпы жиынтығының 13,2%-ын құраған. Басында айтып өткеніміздей, Түркия, Германия, т.б. алтын қорын өз еліне тасымалдауына долларға деген сенімнің құлдырауы және Ақ үйдің соңғы жылдары жүргізіп отырған агрессиялық сыртқы саясаты себеп болған. 

0 пікір
Мұрағат