Әлемнің ең құрғақ шөл даласы гүлге оранды
Әлемнің ең құрғақ шөл даласы гүлге оранды
9 жыл бұрын 5719 © AFP

Әлемдегі ең құрғақ шөл саналатын Атакама гүлге оранды. Бұл шөл Чилидің солтүстігінде орналасқан. Бұған Атакамадағы соңғы айларда жауған жауын-шашын себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.   

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай Эль-Ниньо деп аталатын табиғи құбылыстың әсерінен болған. Ол Тынық мұхитының бетіндегі судың жылынуынан пайда болады. Сонымен қатар, шөл далада гүл осымен екінші рет гүлдеп отыр екен. Атакама тұңғыш рет наурыз айында гүлдеген болатын. 

Айта кетейік, шөл даланың бұлай гүлдеуі жергілікті туристік фирмаларға табыс әкеліп жатыр екен. Гүлдеген шөлді көргісі келетіндердің саны күн санап артып жатыр.  Олардың саны әдеттегі жағдаймен салыстырғанда 40 пайызға артыпты. 

Атакама шөлі жер шарының ең құрғақ жері саналады. Оның кей жерлерінде жаңбыр тек ондаған жылдардан кейін жауады. Ал кей жерлерде метеостанциялар Атакамада тіпті де жаңбырдың жауғанын тіркемеген. Осы шөлде ауа ылғалдығы - 0 пайыз.

0 пікір
Мұрағат