Әлемнің екінші экономикасы долларға тәуелділігін азайтты
|
Қытай долларға тәуелділігін азайтқан, алайда, бұл валютадан толық немесе түбегейлі құтылуға әлі ерте. Бұл жайында islam.kz порталы Йел университетінің (АҚШ) Биан Йнжы есімді ғалымына жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қазіргі уақытта доллар мен еуро пайыздық мөлшерлемені көтергеннен кейін жылыстау алдында тұр. Бұл жайт өз кезегінде аталған валюталардың көптеген елдердегі өтімділігін шектеп тастады»,- еп мәлімдеді сарапшы. Оның айтуынша, әлемнің кейбір елдері, соның ішінде, Бразилия, Иран, Үндістан және Ресей өздерінің төл ақшаларымен есеп айырысуға көшкен. Нәтижесінде кей елдердің сыртқы сауда-саттықтағы үлесі артып келеді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, юан - позициясы айтарлықтай мықты валюта. Өйткені, қытай экономикасының ауқымы үлкен, оның кез келген тауарын әлемнің кез келген елінен сатып ала аласыз.