Әлемнің бір елі криптовалютаны заңдастыру қамына кірісті
Әлемнің бір елі криптовалютаны заңдастыру қамына кірісті
12 сағат бұрын 178 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кенияның қаржы министрі Жон Мбади ел аумағында криптовалютаны заңдастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы bitcoin.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол виртуалды активтің пайда болуы мен өсу қарқыны  жергілікті және халықаралық қаржы жүйесінде инновациялық мүмкіндікті арттыратынын алға тартты. Министр бұл тарапта электронды ақша айналымынан мейлінше тиімді жолмен пайда көру әрі қаржылық қатерді азайту мақсатында құқықтық-нормативтік база қалыптастырылатынын атап өтті. Бұдан бөлек, терроризмді қаржыландыру әрі алаяқтықтың жолын кесу тетіктері де заңнамада қарастырылатынын тілге тиек етті. Осы орайда Африка құрлығындағы аталған елде өткен жылдың желтоқсан айында цифрлы активті дамыту жөніндегі билік саясатының жобасы іске қосылғанын айта кетпекпіз. Кенияның орталық банкі бірер жыл бұрын, дәлірегі, 2015 жылы криптовалютаны пайдаланып, ақша аударуға ешқандай ұйымның лицензиясы жоғын және мұндай опрерацияларға жол берілмейтінін қатаң ескерткен еді. Алайда, 2022 жылдан бастап, әлемдегі тенденцияға қарап, бұл райынан қайтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебіне қарағанда, кениялықтардың шамамен 8,5%-ы бүгінгі таңда криптовалюта иесі атанған.

0 пікір
Мұрағат