Әлемнен оқшауланған, өркениеттен қашық қанша тайпа бары белгілі болды
Әлемнен оқшауланған, өркениеттен қашық қанша тайпа бары белгілі болды
1 жыл бұрын 1408 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жер бетінде осы заманғы өркениет игіліктерінен бас тартқан әрі әлемнен оқшауланған, дәлірегі, тұмса табиғат аясында өмір сүргенді қолай көретін 100-ден аса тайпа бары белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де осы тайпалардың ішінде Бенгал шығанағындағы Андаман аралдарында өмір сүретін сентинелдер тайпасы мейлінше әлемнен оқшауланған болып есептеледі. Орманды алқаптан тұратын аралда өмір сүретін аталмыш тайпа сыртқы әлеммен кез келген байланыс пен қарым-қатынасқа қарсы, тіпті, өздерінің жеке өміріне қол сұққысы келетіндерге күшпен тойтарыс беріп, маңына жолатпайды. Бұл тайпа өкілдеріне 2018 жылдан бері әлем қауымдастығы назар аударып келеді. Дәлірегі, алғаш рет америкалық миссионерлер баса-көктеп кірмек болғанда ауыр жарақат алып, қаза тапқан еді. Сентинел тайпасы Үнді заңнамасымен қорғалған: аталған тайпаға 9,26 шақырым қашықтықтан ары жақындауға қатаң тыйым салынған. Осылайша олардың денсаулығын қызғыштай қориды, себебі, осы заманғы адамзат бойындағы кеселдерге қарсы олардың бойында иммунитет қалыптаспаған. Олардың өмір сүру салты мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, т.б. белгісіз. Сырттай тон пішкен сарапшылардың есебінше, олардың қарасы 80-100 адамнан аспайды. Олардың қонысы мен баспанасы екі түрлі келеді: бірі – баршасына ортақ үлкен лашық пен қабырғасы мен керегесі жоқ (тек төбесі жабылған) уақытша лашық. Дегенмен, бұл тайпа да соңғы жылдары орман-тоғайды отау, климат өзгерісі секілді өзгерістерден тыс қала алмайды.

0 пікір
Мұрағат