|
Әлемге әйгілі дәрігерді Газаға жіберген жоқ
|
Аса талантты ақ халатты абзал жанның бірі – норвегиялық дәрігер Мадс Гильбертті израилдік сойқандар Газа секторындағы Аш-Шипа ауруханасына жіберген жоқ. Ол ол ма, Израилдік «Мызғымайтын жартас» деп аталатын әскери операциясы кезінде оған Газа секторына кіруіне тыйым салынған. Ол мұның себебін сұрағанда израилдік әскерилер қауіпсіздікті желеу еткен екен.Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. 67 жастағы Мадс Гильберт израилдік басқыншылықтан зардап шеккен палестиналықтарға, міне, осымен көмектесіп жүргеніне 17 жыл болды. Ешкім оны үгіттеген де жоқ, ешкім оған кеңес берген де емес. Сондай-ақ, ол тек жаралыларға ғана көмектесіп қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарына Газа секторындағы көрген-білгендерін де айта жүреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды