Әлемдік тыңайтқыш экспортында мұсылман елдерінің де үлесі бар
Әлемдік тыңайтқыш экспортында мұсылман елдерінің де үлесі бар
2 жыл бұрын 1567 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық тыңайтқыштар өнеркәсібі қауымдастығы (IFA) жариялаған соңғы мәлімет бойынша 2021-2022 жылы Иран 1 миллиард 800 миллион долларға химиялық тыңайтқыш экспорттап, әлемдегі химиялық тыңайтқыштарды экспорттау бойынша 11-ші орынға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы парсылардың IRIB ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.IFA келтірген дерекке қарағанда, аталған мерзімде Ресей Федерациясы әлем бойынша аса ірі химиялық тыңайтқыш экспорттаушы ел ретінде танылған – 12,5 млрд доллар. Қытай (11,5 миллиард доллар) мен Канада (6,6 миллиард доллар) экспортымен екінші және үшінші орындардан көрінсе, Марокко (5,7 миллиард доллар) төртінші орынға жайғасқан. Одан кейінгі орындарға 4 миллиард доллармен АҚШ, 3,5 миллиард доллармен Сауд Арабиясы, 3 миллиард доллармен Нидерланды, 2,6 миллиард доллармен Оман, 2,6 миллиард доллармен Бельгия және 2,1 миллиард доллармен Катар табан тіреген.

0 пікір
Мұрағат