Әлемдік мұнай қорының құлдырау ауқымы есептелді
|
2024 және 2025 жылдары мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне миллион баррелге де жетпейтін болады. Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) шілде айындағы есебінің авторлары осындай қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ұйымның ресми сайтына (iea.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ХЭА сарапшылары мұндай тұжырымға көміртектің осынау түріне деген сұрныстың көп бөлігін құрайтын Қытай тарапынан мұнай өнімдерін әдеттегіден аз тұтынатындығымен байланысты келіп отыр. Дәлірегі, өнеркәсіптік отын мен мұнай-химия шикізатына сұраныс кемиді. Дегенмен, 2024 және 2025 жылдары мұнайға әлемдік сұраныстың ықтимал өсімі тиісінше тәулігіне 970 және 980 баррелден аспайды. Бұған экономиканың баяу өсімі мен электрлі көлік өндірісі мен нарығының өсуі себеп болмақ. Сондай-ақ, маусым айында әлемдік мұнай қоры 18,1 миллион баррелге азайғанын айта кетпекпіз. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің өнеркәсіптік қоры 27,8 миллион баррелге өсіп, 2,845 миллиард баррелге жетті. Дегенмен, бұл көрсеткіштің өзі соңғы бес жылдағы орташа деңгейден әлі де 69 миллион баррелге төмен.
Ұқсас материалдар:
«Мұнайға әлем бойынша жылдан жылға сұраныс азая бермек» (https://islam.kz/kk/news/alem/munaiga-alem-boiynsha-jyldan-jylga-suranys-azaya-bermek-20188/#gsc.tab=0);
"Мұнай бұрғылау қондырғыларының саны әжептәуір азайып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/munai-burgylau-qondyrgylarynyn-sany-ajeptauir-azaiyp-keledi-20086/#gsc.tab=0)