Әлемдік дәрі-дәрмек нарығы 1,3 трлн долларға жетті
Әлемдік дәрі-дәрмек нарығы 1,3 трлн долларға жетті
2 жыл бұрын 992 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Sanofi Türkiye (атақты француздық Sanofi фармацевтикалық компаниясының еншілес кәсіпорны) өз өнімдерінің 20 пайызын әлемнің дамыған елдеріне, соның ішінде Жапония, Германия және Францияға жөнелтеді. Бұл жайында islam.kz порталы Sanofi Türkiye жетекшісі Жем Өзтүрікке жөн сілтеген Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Түркияда өндірілген әрбір жетінші дәрінің Sanofi Türkiye компаниясының өнімі екенін атап өтті. Осылай деген ол дүниежүзілік фармацевтикалық нарықтың айналымы бүгінде 1,3 триллион долларға бағаланады және бұл нарықтың 50 пайызға жуығы АҚШ-қа тиесілі екенін, сонымен қатар, Түркияда фармацевтикалық нарықтың көлемі 6-7 миллиард доллар арасында ауытқитынын жеткізді. «Бұл нарықтың әлеуеті зор және біз инновациялық әдістерді пайдалана отырып, жаңа мүмкіндіктерді дамытуымыз керек», - деді артынша. Sanofi Түркия нарығында 65 жыл еңбек етіп келед және елдегі фармацевтика саласына бір миллиард долларға тарта инвестиция құйған.

0 пікір
Мұрағат