Әлемді климат дағдарысынан алып шығу үшін адамзат қанша қаражат жұмсауы тиіс
Әлемді климат дағдарысынан алып шығу үшін адамзат қанша қаражат жұмсауы тиіс
3 жыл бұрын 1554 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Oliver Berg / Globallookpress.com

Әлем қауымдастығы климат дағдарысынан шығуы үшін энергетика саласына 2030 жылға дейін 1,3 трлн доллар инвестиция құюы керек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АҚШ-тың JP Morgan банкіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қаржы мекемесі қазбалы отын түріне ғана емес, сонымен қатар, баламалы энергия көздеріне және атом энергетикасына да қырауар қаржы тарту керектігін алға тартып отыр. Бұл тарапта Халықаралық энергетика агенттігі қазбалы отын түрлеріне емес, жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу процесін тездетуді ұсынып отыр. Ал JP Morgan өкілдері күн батареясы мен жел стансаларының мұнайды толық алмастыра алмайтынын, соның ішінде мұнай-химия өнеркәсібінде қазбалы отын түрінің орнын баса алмайтынын көлденең тартуда. Сарапшылардың есебінше, 2030 жылға дейін энергия тұтыну көрсеткіші бүгінгі деңгеймен саыстырғанда 20 пайызға артпақ. Бұдан бөлек, мұнайға сұраныстың 10 пайызға, ал газға сұраныстың 18 пайызға артатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат