Әлемдегі ықпалы жағынан АҚШ-ты артқа тастаған мемлекет аталды
Әлемдегі ықпалы жағынан АҚШ-ты артқа тастаған мемлекет аталды
9 ай бұрын 1141 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай дипломатиялық байланыстарды жолға қойып, дәйекті сыртқы саясатының арқасында әлемдегі ықпалын күшейткен, осылайша бұл тарапта Америка құрама штаттарын басып озды. Лоуи институтының (Австралия) қоғамдық пікір және сыртқы саясат бағдарламасының директоры Райан Нилам Financial Times  мерзімді басылымында жарияланған мақаласында АҚШ-тың Қытайдан артта қалғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай халық республикасы дүние жүзіндегі елшіліктер мен консулдықтардың саны бойынша АҚШ-тан аз ғана алға озған (Қытайдың елшіліктері мен консулдықтарының әлемдегі саны - 274 және АҚШ-тың 271 дипломатиялық өкілдіктері). Қытайдың дипломатиялық белсенділігі Африка құрлығы мен Азия елдерінің көпшілігінде АҚШ-қа қарағанда жоғары, ал АҚШ Батыс елдері мен Оңтүстік Азиядағы көшбасшылығын сақтап қалған.

0 пікір
Мұрағат