Әлемдегі пластик қоқыстың жартысынан астамы 20 компанияның еншісінде
Әлемдегі пластик қоқыстың жартысынан астамы 20 компанияның еншісінде
4 жыл бұрын 2350 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әлем бойынша пластик қоқыстың 55%-ы полимер өндірісі саласында 20 компания өнімдерінен пайда болады екен. Мұндай компаниялар арасында мемлекеттік, трансұлттық корпорациялар, мұнай алыптары мен химиялық зауыттар бар. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы аталған 20 компанияның бұл саладағы үлесі тым жоғары - 2019 жылы қоқысқа тасталған бір жолғы пайдаланылатын 130 млн тонна пластик тиесілі болып шықты. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген Лондон экономика мектебінің, Стокгольм қаласындағы қоршаған ортаны қорғау институтының ғалымдарының есебі осындай. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, америкалық ExxonMobil мұнай компаниясының әлемді ластаудағы үлесі - 5,9 млн тонна, екінші орыннан АҚШ-тағы Dow химия компаниясы көрінген — 5,5 млн тонна. Ал үшінші орынға жайғасқан қытайдың Sinopec мұнай-газ кәсіпорнының үлесі - 5,3 млн тоннаға жеткен. 20 компанияның он бірі Азияда орын тепкен, төртеуі – Еуропада, үшеуі – Солтүстік Америкада, біреуі – Латын Америкасында, тағы біреуі – Таяу Шығыста. Бұл компаниялардың пластик өндірісін әлемнің жетекші қаржы мекемелері, соның ішінде, Barclays, HSBC, Bank of America, Citigroup және JPMorgan Chase қаржыландырады. Аталмыш зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, бір жолғы пайдаланылатын пластик қалдығы ең жоғары ел Австралия болып тұр – жан басына шаққанда 59 келіден айналады.

Қосымша дерек: Қолда бар мәлімет бойынша Таяу Шығыста пластик ең көп өндірілетін ел – Иран. Шиғалар елінде жылына 5 млн тонна полимер мен пластик өндіріледі екен. Олардың жартысы өзге елдерге экспортталады. Парсы елінің пластмасс пен полимер өндірушілер ұлттық қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі Бармақ Канбарпұрдың айтуынша, бұл экспорттан 1,5 млрд доллар пайда табады аталған ел. Бұл жайында islam.kz порталы ISNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

0 пікір
Мұрағат