|
Әлемдегі мұнайды ең көп өндіретін әрі тұтынатын ел күн энергиясына көшейін деп жатыр
|
Сауд Арабиясының билігі күн энергиясына басымдық бермекші. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша Сауд Арабиясы тәулігіне кем дегенде 900 мың баррел мүнай өндіреді екен. Шикізатқа тәуелділіктен бірте-бірте арылу саясатын жүзеге асыру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалану және ел игілігіне жаратуға ден қойып отыр. 2018 жылды қамтитын аталған жоспар аясында күн және жел қуат көздерін пайдалану арқылы бұл ел жылына қосымша 700 мегаватт электр энергиясын өндірмекші. 2023 жылға қарай бұл көрсеткішті 8,8 гигаватқа жеткізуді көздеп отыр. Бұл жайында күн энергиясын дамытумен шұғылданатын Enviromena Power Systems корпорациясының атқарушы директоры Сами Хорейби мәлім еті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)