Әлемдегі ірі нарықты Орта Азиямен теміржол желісі байланыстыратын болады
Әлемдегі ірі нарықты Орта Азиямен теміржол желісі байланыстыратын болады
2 жыл бұрын 2388 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның көлік министрігі «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» көлік дәлізі бойынша жүк пойызының алғаш рет жүргенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Еurasiatoday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 30 контейнерден тұратын алғашқы блоктық пойыз маусым айының 9-ы күні Ланшжоудан Ташкентке жол тартты. Стратгиялық маңызы зор жобаны Қытайдың «Шежиан темір жол логистикасы одағы» компаниясы, Өзбекстанның «Өзбекстан темір жолдары» және Қырғызстанның «Қырғыз темір жолы» серіктестігі бірлесіп жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта Қырғызстан аумағындағы тас жолдың жаңа аралығын салуға дайындық жүріп жатыр. Әзірге жетіспейтін бағыттың бір бөлігі автокөлікпен тасымалданады. Өзбекстан президентіне қарасты стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Әкріммжан Нематов атап өткендей, бұл көлік дәлізі Шығыс-Батыс дәлізіндегі маңызды буындардың біріне айналуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат