Әлемдегі еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға жетті
|
2022 жылы күллі әлем бойынша еңбек мигранттарының саны дүниежүзіндегі жұмысшы күшінің жалпы санына шаққанда 4,7 пайыздан аспап еді. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық еңбек ұйымының таяудағы баяндамасында келтірілген дерекке (International migrants are vital force in the global labour market | International Labour Organization) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 2022 жылы әлемдегі еңбек мигранттарының саны 167,7 млн адамға жеткен екен. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 30 млн адамнан аспап еді. Әлемдегі мигранттардың жыныстық құрамына келсек, 102,7 млн-ы – ерлер, 64,9 млн-ы – әйелдер. Еңбек мигранттарының 70 пайызға жуығы табысы жоғары елдерде нәпақасын айырып жүр. Ал 17,4 пайызы табысы орташадан жоғары мемлекеттерде. Дәлірегі, еңбек мигранттарының көбісі Америка құрама штаттары мен Канада, Батыс Еуропа және араб елдерінде болып шықты.