Әлемдегі ең үлкен "түрмеде" 1000-нан аса адам көз жұмған
|
Газа секторының қайырымдылық ұйымы Израилдің анклавты әлемнен оқшаулап ұстаған саясатынан 1000-нан аса палестиналық азамат көз жұмғанын жеткізді. Қайырымдылық қорларды біріктумен айналысатын үйлестіруші Ахмет әл-Күрд мәлімдегендей, соңғы бірнеше күннің ішінде қажетті дәрі-дәрмектің, электрдің және құрал-жабдықтың болмауынан шала туған 5 бала шетінеп кеткен. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. "Блокада құрбаны болған 1000-нан аса адамның 450-і денсаулық сақтау жүйесіндегі израилдіктер қолдан жасаған кемшіліктер мен кедергілерден өлген. Дәлірегі, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен және Газа секторынан тысқары шығатын жолды жауып тастағаннан",- деді артынша Ахмет әл-Күрд. Осылай дей келе ол Газа секторын әлемдегі ең үлкен түрмеге теңеді.