Әлемдегі ең қауіпсіз ел анықталды
|
2017 жылы әлемдегі ең қауіпсіз ел - Финляндия болып шықты. Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) сарапшылары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Lenta.ru. Финляндия рейтингтегі 136 елдің ішінен көш бастап тұр. Бұл мемлекет 2016 жылдың қазан айында жарияланған осындай тізімде де бірінші орында болған еді. Екінші орынды Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) иеленді. Үштікті Исландия тұйықтайды. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Оман, Гонконг (ҚХР-дың арнайы ауданы), Сингапур, Норвегия, Швейцария, Руанда және Катар іліккен. Рейтинг жасауда қылмыс пен террорризм жағдайы, сондай-ақ әскери шиеленістер есепке алынады. Бейсенбі, 13 сәуір күні ДЭФ Колумбияны әлемдегі ең қауіпті ел деп таныды. Осындай ондықтың ішіне Украина да кірген. Дүниежүзілік экономикалық форум - швейцарлық үкіметтік емес ұйым. Ол халықаралық проблематиканы талқылайтын жыл сайынғы Давостағы кездесулерімен танымал.