Әлемдегі ең озық экологиялық заң қабылданды
Әлемдегі ең озық экологиялық заң қабылданды
4 жыл бұрын 2693 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландия экологияға зиян келтіру есебінен экономиканы дамытуға тосқауыл қоятын елеулі заң қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары бойынша ендігі жерде елдегі банктер жаһандық жылыну мен климат өзгерісін тереңдететін жобаларға инвестиция тартқаны турасындағы ақпаратты жасырмауы тиіс. Осы ережеге байланысты елдегі қаржы секторы өздерінің инвестициялық саясатын қайта қарастыруы тиіс – қоршаған ортаға залал келтіретін экономикалық жобаларды қаржыландырудан бас тартуы керек. Орай келгенде Жаңа Зеландияның өндірісі атмосфераны жан басына шаққанда мейлінше ластап отырған әлемнің 10 елінің бірі екенін айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, аталған ел аумағында өзен-көлдер тартылып, теңіз ресурсы таусылуға жақын қалған. Сол себепті, аталған ел билігі қоршаған ортаны қорғау бағытында радикалды шараларға баруға мәжбүр болып отыр. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн 2035 жылы тек жаңғыртпалы энергия көздеріне толық көшуді әрі 2050 жылы көміртектен адам ел атануды алдына мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат