Әлемдегі ең милитарлы мемлекет Таяу Шығыста болып шықты
Әлемдегі ең милитарлы мемлекет Таяу Шығыста болып шықты
4 жыл бұрын 2856 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бонн халықаралық конверсия орталығы (BICC) әзірлеген Ғаламдық милитаризация индексі (GMI) бойынша Израил әлемдегі ең милитарлы мемлекет болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы неміс тілінде хабар тарататын Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Милитаризация деңгейін бағалауда сарапшылар ең алдымен әскери шығындар мен қоғам қажеттілігіне жұмсалатын шығынның арақатынасын басшылыққа алған. Аталмыш индексте әлемнің 151 мемлекеті қамтылған. Бұл индекс бойынша алдыңғы ондық құрамында Армения, Оман, Бахрейн, Сингапур, Сауд Арабиясы, Бруней, Ресей Федерациясы, Кувейт әне Иордания бар. Ал қорғаныс саласына қыруар қаржы жұмсайтын АҚШ-тың өзі бұл индексте 27-ші орыннан көрінген. Милитаризмге жаппай қарулану, әскери тәртіп, шетелдерде әскери базалар ашу, өзге елдің ішкі ісіне әскерді пайдалана отырып араласу, экономикада әскери-өнеркәсіп кешеніне басымдық беру, т.б. белгілер жатады.

0 пікір
Мұрағат