Әлемдегі ең кедей елдер
Әлемдегі ең кедей елдер
8 жыл бұрын 8736 7kun.kz

Әлемдегі ең бай және ең кедей елдерді анықтау ісімен Дүниежүзілік банк сарапшылары айналысады. Олар әр елдің халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірісі мен жалпы ішкі өнім көлемін, экспорт, мемлкеттік кіріс деңгейін есепке алады. Тіпті, жұмыссыздар санының көп болуы мен қылмыстың деңгейдің жоғары болуынан мемлекет ең кедей елдер қатарына кіріп кетуі мүмкін. Сонымен, 2016 жылдың ең кедей елдер қатарында қандай елдер бар? Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры  ұсынған тізімді назарларыңызға ұсынамыз.

Мадагаскар

  • Халық саны -22,599 млн адам
  • Астанасы: Антананариву
  • Мемлекеттік тілі: малагаси және француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі: 950$

Соңғы он жылда Мадагаскарда келеңсіз жағдайлар орын алып келеді. Елдегі қаржы дағдарысы салдарынан халық аштыққа жиі ұшырайды. Мадагаскар аралдары ертегідей көрінгенмен, экономикалық жағдайы әлсіз.

Того

  • Халық саны: 7,154 млн адам
  • Астанасы: Ломе
  • Мемлекеттік тілі: Француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 900$

Батыс Африкада орналасқан кішігірім мемлекеттің дағдарыспен күресуге шамасы жетпейді. Алайда ел үкіметі халықты кедейшілікке ұшыратпас үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысып келеді.

Малави

  • Халық саны: 16,777 млн адам
  • Астанасы: Лилонгве
  • Мемлекеттік тілі: ағылшын тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 850$

Бұл мемлекете медицина саласы негізгі проблемалардың бірі. Елде бар болғаны бес аурухана бар екен. Сондықтан мұнда дәрігерге жазылғанмен оның қабылдауына кіру мүмкін емес. Малавиде соңғы уақыттағы даму процесі нашар.

Нигерия

  • Халық саны: 17,470 млн адам
  • Астанасы: Ниамей
  • Мемлекеттік тілі: Француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 829$

Нигерия үкіметі халықтың жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеп келеді. Жергілікті халықтың деңгейінің өсімі бәсең болғанмен біртіндеп артуда.

Зимбабве

  • Халық саны: 13,172 млн адам
  • Астанасы: Хараре
  • Мемлекеттік тілі: Ағылшын
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 788$

Зимбабвенің көп бөлігін ауылды аймақтар құрайды: адамдардың көпшілігі ауылшаруашылығымен айналысады. Жұмыссыздар саны шамамен 90%-ды құрайды.

Эритрея

  • Халық саны: 6,086 млн адам
  • Астанасы: Асмэра
  • Мемлекеттік тілі: Араб және ағылшын тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 707$

Эритреяның табиғат байлығы жеткілікті. Тіпті, АҚШ-тың өзі бұл елдің мұнайына қызығушылық танытып, халықты белсенді болуға шақырады. Алайда жергілікті халық өздерінің өмір деңгейін әлі де көтере алмай келеді.

Либерия

  • Халық саны: 3,489 млн адам
  • Астанасы: Монровия
  • Мемлекеттік тілі: Ағылшын тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 703$

Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Бұл мемлектте жылына аштықтан мыңдаған адам қайтыс болады. Қаржы ресурстары мен азық түлік өндіру ісінің деңгейі төмен.

Конго (Конго Демократиялық Республикасы)

  • Халық саны: 77,433 млн адам
  • Астанасы: Киншаса
  • Мемлекеттік тілі: Француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 648$

Конго елі тәуелсіз ел болғанымен ашаршылық, адамдардың ерте өлімі өте көп. Сондықтан халық жақсы өмірдің болатынына сенуден қалған.

Бурунди

  • Халық саны: 9,292 млн адам
  • Астанасы: Бужумбура
  • Мемлекеттік тілі: Рунди және француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 642$

Бурунди елін қолдау үшін АҚШ, Ұлыбритания сынды экономикасы дамыған елдер миллиардтаған доллар жұмсайды.

Орталық Африка Республикасы

  • Халық саны: 5,057 млн адам
  • Астанасы: Банги
  • Мемлекеттік тілі: Француз тілі
  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 542$

2016 жылғы ең кедей ел ретінде Орталық Азия Республикасы танылды. Елде әйелдер 51 жасқа дейін, ерлер 48 жас шамасында ғана өмір сүреді. Бірақ елде табиғат ресурстары бар. Халық көбіне ауыл шаруашылығымен айналысады.

0 пікір
Мұрағат