Әлемдегі ең жомарт ел (өткен жылдың қорытындысы бойынша)
Әлемдегі ең жомарт ел (өткен жылдың қорытындысы бойынша)
7 жыл бұрын 4341 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы гуманитарлық көмек көрсету бойынша Түркия көш бастаған. Британиядағы даму бастамасы ұйымы жыл сайын жариялайтын "Әлемдегі гуманитарлық көмек мөлшері жөніндегі" баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, Түркия 8,07 миллиард доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсеткен. Түркиядан кейінгі орында АҚШ тұр - 6,68 миллиард доллар, үшінші орынған Германия жайғасқан - 2,99 миллиард доллар, төртінші орыннан Ұлыбритания көрінген - 2,52 миллиард доллар, бесінші орынға Еуроодақ табан тіреген - 2,24 миллиард доллар. Жалпы ішкі өнімге шаққанда гуманитарлық көмек мөлшері бойынша да Түркия алдына қара салмаған - 0,85 пайыз. Одан кейінгі орындарда Норвегия және Люксембург (0,17 пайыз). Ал АҚШ бұл тізімде 19-шы орынды місе тұтуға тура келген - 0,04 пайыз. Атлған баяндамада, сонымен қатар, әлемнің 134 елінде 201 млн адамның гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін айтылған. Гуманитарлық жәрдемге зәру жандардың дені соғыс жүріп жатқан Сирияда, Йеменде. 

0 пікір
Мұрағат