Әлемдегі ең жомарт ел аталды
Әлемдегі ең жомарт ел аталды
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: islamicreliefcanada.org

World Happiness Report зерттеуі аясында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі ең қайырымды ел анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы dknews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рейтингті жаһандағы ең ірі мұсылман елі – Индонезия бастаған. Ал алғашқы бестік құрамына Мьянма, Мальта, Украина және Ұлыбритания кірген. Бұл тараптағы сауалнама алдында соңғы айда қайырмалдық жасаған респонденттердің ең көп үлесі бойынша жүргізілді. Индонезияда сауалнамаға қатысқандардың 86%-ы қайырымдылық жасағанын хабарлады. Мьянмада ақшалай садақа беергендер үлесі 83,2% -ды құрады. Бұл елдер халықтың әл-ауқатының ең жоғары деңгейіне ие емес. Осының өзі мәрттіктің табыспен байланысты еместігін көрсетеді. Дамыған елдерде қайырмалдық жасағандардың үлес салмағы аз болып шықты: Ұлыбританияда - 68,4%, Америка құрама штаттарында - 58,6%, Германияда - 54,8%. Бір қызығы, Ұлыбританияда  қайырымдылық жасаушылар арасында мұсылмандар қарасы ең көбі болып шықты. Орта Азия ғана емес, сонымен қатар, бұрынғы Кеңес одағы елдері арасында қайырымдылығы бойынша Өзбекстан көш бастап, рейтингте 25-орынды иеленді. Онда респонденттердің 53,9%-ы қайырмалдық жасағанын мәлімдеді. Одан кейін Қазақстан (29-орын), Ресей (31), Қырғызстан (51) және Тәжікстан (79) тұр. Тәжікстанда қайырымдылық материалдық игілік түрінде емес (қаржы, киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, т.б.), ерікті түрде көмек көрсету қызмет» (волонтерлік) дамыған. World Happiness Report нұсқасы бойынша Тәжікстан осы бағытта Орта Азия көшбасшысына айналған. Бұл елде сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам (48,7%) өз ерікімен жәрдем көрсеткен.

0 пікір
Мұрағат