Әлемдегі ең ірі ядролық держава – ол Қытай емес, АҚШ емес немесе Ресей де емес, басқа ел...
Әлемдегі ең ірі ядролық держава – ол Қытай емес, АҚШ емес немесе Ресей де емес, басқа ел...
5 жыл бұрын 4497 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Sohu ақпарат көзінің жазуынша, әлемдегі ең ірі ядролық державаға АҚШ-ты емес, Ресейді де емес немесе бұрыннан белгілі өзге де жаппай қырып-жоятын қаруға ие мемлекеттерді емес, тіпті, ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған Иран мен Солтүстік Кореяны да емес, АҚШ-тың тежеп ұстау саясатына қарамастан қажет болған жағдайда кем дегенде 6 мың атом бомбасын жасауға жететін ядролық материал жинап алған Жапонияны жатқызған. Осылайша Қытайдың дәл іргесінде ұзақ уақыт бойы ешкімнің назарын өзіне аудармай-ақ бейбіт мақсаттағы атом электр стансаларын желеу етіп, ядролық материал жинаған Жапония әлемде нөмірі бірінші ядролық мемлекет екенін алға тартады. Ядролық материал қоры бойынша аталған елдің алдына түскен ел жоқ. Қытайдың аталмыш ақпарат көзі мұны неге сүйеніп жазып отыр немесе қандай дәлел-дәйегі бар? Күншығыс елінің ядролық амбициясына қатысты күмән келтіруіне не түрткі болды? Жапония тарихын күллі әлем жатқа білмесе, жақсы біледі. Екінші жүниежүзілік соғыс соңында аталған аталған ел аумағына, дәлірегі, Нагасаки мен Хиросима қалаларына АҚШ тарапынан атом бомбасы тасталған болатын. Осылайша, жапон жерінде тарихта тұңғыш рет ядролық қару қолданылды. Соғыс барысында. Бірнеше жүз мыңдаған адамның өмірін жалмаған ядролық апаттан Жапония тізе бүгіп, халықаралық қауымдастық тарапынан қуаты жойқын атом бомбасы мен авианосц  секілді қаруларды жасауына қатаң тыйым салынды. Тек қорғаныс мақсатында қарулы күштерін құруға рұқсат берді. Бірнеше ондаған жылдар бойы Жапония тежеп ұсталғанымен АҚШ-тың бақылауы тек формалды түрде ғана болды. Жапондар тұйық халық, олар америкалықтардың қолдауын тиімді пайдаланып, аз уақыттың ішінде экономикалық державаға айналып шыға келді. Халықаралық саясатта Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдердің өзіне, бейнелеп айтқанда, азуын ақситып, айбат шегетін деңгейдегі мемлекетке айналды. Жапонияның әскери әлеуеті тек қорғанысқа бағытталғанымен күншығыс елінің әскери қарым-қабілеті әлемнің алдыңғы қатарлы он елінің қатарында екенін, яғни, қару-жарағы мен әскери техникасы мықты ондығына кіретінін баса айта кету керек. Жапонияға ядролық қаруды жасауына тыйым салынса да олар әлемдегі ең жетілген атом электр стансасын салды.

0 пікір
Мұрағат