Әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінде мұсылманша жерлеу ақысы белгілі болды
Әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінде мұсылманша жерлеу ақысы белгілі болды
2 жыл бұрын 2032 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұхаммед Абдулла  есімді  америкалық мұсылманның әкесі науқастанып қалғанда оның бір ғана тілегі болды - туған жері Пәкістанда емес, әйелі мен балалары қабірін зиярат етуі үшін Нью-Йоркте жерленгенін қалаған екен. Арада шамамен бір ай өткенде Абдулланың әкесі дүниеден озады, алайда, марқұмның ақтық тілеген орындау ұлына оңай болған жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Middle East Eye деерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нью-Йорк мегаполисінде бүгінде бір миллионнан аса мұсылман өмір сүріп жатыр, алайда, мұсылмандарға арналған зират жоқтың қасы. Өзге наным-сенімдегілерге арналған бейіттен мұсылмандарға жекелеген сектор бөлінген, алайда, жұқпалы індет пандемиясы кезінде аталған секторға жерленгендер қарасы көп болғандықтан жерлеу ақысы күрт көтеріліп кеткен. Уашингтон мемориалдық саябағындағы зират Нью-Йорктегі ең үлкен бейіттердің бірі және мұсылмандарға сектор бөлінген. Мұсылмандар үшін жерлеу құны - 9500 доллар, бұл қаражатты бөліп төлеуге рұқсат етілген. Лонг-Айленд ислам қауымдастығының президенті Хұршид Әнуардың айтуынша, соңғы 10-20 жылда штаттағы мұсылмандар саны 10 есеге өскен, осыған байланысты қайтыс болушылар қарасы артып отыр. Орындардың тапшылығы мен қымбаттығына байланысты Лонг-Айленд мешіті жамағатына дүние салған туыстарын Нью-Йоркте емес, Нью-Джерси штатында жерлеуді ұсынуға мәжбүр.

0 пікір
Мұрағат