Әлемдегі ең ергежейлі адам дүниеден озды
Әлемдегі ең ергежейлі адам дүниеден озды
9 жыл бұрын 9078

АҚШ-тың Самоа елді-мекенінде әлемдегі ең ергежейлі адам өткен аптада, яғни, күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні 76 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл жайында Kathmandu Post ақпарат көзі хабар таратты. Непал тумасы, жергілікті  Magic Circus-те жұмыс істейтін Чандра Бахадур Данги (Chandra Bahadur Dangi) бойының тапал болуына орай Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның бойының ұзындығы 54,6 сантиметрден аспайды. Өткен жұмада ол науқастанып,  Линдон Джонсонның тропикалық медициналық орталығына түскен болатын. Оған пневмония диагнозы қойылған еді. Алайда, аталған аурудан айыға алмай дүние салды. Оның Guinness World Records бойынша екі титулы болғанын айта кету керек: біріншісі – осы күні өмір сүріп жатқан адамзаттың ішіндегі ең ергежейлі адам, екіншісі – бұрын-соңды өткен адамдардың ішіндегі ең ергежейлісі. Гиннес рекордтар кітабында оның рекордын жаңартқан ешкім болған жоқ немесе одан бойы қысқа адам тіркелмеген. Дангиге дейін үнділік Гүл Мұхаммед (Gul Mohammed) есімді әйел әлемде бойының қысқалығымен белгілі еді – 57 сантиметр. Ол 1997 жылы қаза тапқан болатын. 

0 пікір
Мұрағат