Әлемдегі ең дәулетті деген 500 миллиардердің капиталы жүздеген млрд долларға күрт кеміді
Әлемдегі ең дәулетті деген 500 миллиардердің капиталы жүздеген млрд долларға күрт кеміді
2 күн бұрын 451 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: New Africa / Shutterstock / Fotodom

Әлемдегі ең ауқатты 500 адамның дәулеті тұтастай алғанда 108 млрд долларға кеміп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Солардың ішінде ең көп шығынға ұшырағаны – чип шығаратын америкалық Nvidia компаниясының бас директоры Женсен Хуанг болды;  оның байлығы 20 пайызға немесе 20,1 миллиард долларға қысқарды. Бұл ретте Nvidia-ның өзі 600 миллиардқа арзандап, әлемдегі ең қымбат компания мәртебесінен айырылды. Қаңтар айының 27-і күні NASDAQ биржасындағы сауда-саттықтың бірінші сағатында акциялары 13 пайыздан астамға арзандап, 123 долларға дейін құлдырады. Сонымен қатар, Oracle Corp компаниясының тең құрылтайшысы Ларри Эллисон 12 пайыз байлығынан айырылды. Оның шығыны Хуангпен салыстырғанда 22,6 миллиард долларды құрады. Dell негізін қалаушы Майкл Делл 13 миллиард доллар, ал Binance негізін қалаушы Чанпен Жао 12,1 миллиард доллар жоғалтқан. Технологиялық компаниялар акцияларының құлдырауына қытайдың DeepSeek компаниясының DeepSeek-R1 тегін чат-ботының табысы себеп болды. «DeepSeek көрсетіп отырғандай, жасанды зерденің қуатты үлгілерін жасауға болады», - деді Union Bancaire Privee басқарушы директоры Вей-Серн Линг. Оның айтуынша, бұл тараптағы ахуал АІ-мен жабдықтаудың барлық тізбегінің инвестициялық тартымдылығын төмендетуі мүмкін. DeepSeek технологиялық жетістігі Қытайдың жасанды зерде саласында үстем түсуіне себеп болып отыр. Ханжоу компаниясы осы күнгі озық технологияның қазанын қайнатқан ығайлар мен сығайлар шоғырланған және қаржысын молынан құйған Уолл-стрит пен Кремний алқабында жасанды сана үлгілерін OpenAI және Meta платформаларымен салыстырғанда бірнеше есе арзан бағаға әзірлегені үшін батыста дүрбелең тудырды. Дәлірегі, әлемге әйгілі ChatGPT-тан қуатты DeepSeek-R1 чат ботын әзірлеуге бар-жоғы алты миллион доллар кеткен. Алдыңғы қатарлы нейрон желілерді оқыту үшін көптеген қуатты чиптердің қажеті жоқ екені белгілі болды әрі қытайлардың бұл технологиясы оларға деген сұранысты күрт төмендетеуі мүмкін. Осылайша чип индустриясына күйрете соққы берілді. 

0 пікір
Мұрағат