Әлемдегі ең бай елдердің бірі инфляцияны ауыздықтаудың құпиясын бөлісті
Әлемдегі ең бай елдердің бірі инфляцияны ауыздықтаудың құпиясын бөлісті
2 жыл бұрын 944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Pascal Lauener / Reuters

Әлемдегі госаяси ахуал мен жұқпалы індетке әрі жаһандық қарыз мөлшерінің шектен асып кетуіне байланысты әлемнің көптеген елдері инфляция тауқымен тартып отыр. Инфляция зардабын тек дамушы елдер ғана емес, сонымен қатар, ауқатты елдер де тартуда. Бұл тарапта Швейцария деңгейі жоғары инфляцияны еңсере білді. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариядағы инфляция деңгейі 2022 жылы 3,5 пайызды құрады, мысалы, АҚШ (9,1 пайыз), Ұлыбритания (11,1 пайыз) және Еуроаймақтан (10,6 пайыз) әлдеқайда төмен. Швейцария азаматтары бағаның өсуінен аз зардап шегеді, өйткені, олар жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің жоғары үлесіне байланысты табыстарын негізгі қажеттіліктерге (азық-түлік пен тұрғын үй сияқты) аз жұмсайды. Сонымен қатар, аталған елде тауарлар мен қызметтердің бағасы қатаң бақылауға алынған. Әлемдегі ең бай елдердің біріндегі салыстырмалы баға тұрақтылығының тағы бір себебі – ұлттық валютасының (төл ақшасы) - швейцариялық франк тұрақты түрде нығайып, 2022 жылы еуромен паритетке (теңдікке) жетті. Бұл жайт көбінесе франктің қауіпсіз валюта немесе қорғаныс активі ретіндегі мәртебесіне байланысты. Сонымен қатар, Швейцария кейбір еуропалық көршілеріне қарағанда мұнай мен газ импортына тәуелділігі аз және су электр қуаты оны энергиямен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 2022 жылдың соңында Швейцария энергиясының бағасы 16,2 пайызға көтерілді, бұл  көрсеткіш Германия (25 пайыз), Нидерланды (30 пайыз), Ұлыбритания (52,3 пайыз) және Италия (64 пайыз) сияқты ірі елдердің деңгейінен көп төмен. Швейцарияның Ұлттық банкі инфляцияның 2023 жылы орташа есеппен 2,4 пайызға, содан кейін 2024 жылы 1,8 пайызға дейін төмендейтынын болжап отыр.

Ұқсас материал:

"Әлем бойынша инфляциясы ең жоғары ел аталды. Қазақстан бұл тізімде нешінші орында тұр?" (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-inflyatsiyasy-en-jogary-el-ataldy-qazaqstan-bul-tizimde-neshinshi-orynda-tur-18225/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат