Әлемдегі босқындардың көбісі – мұсылмандар?!...
Әлемдегі босқындардың көбісі – мұсылмандар?!...
3 ай бұрын 937 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Португалияның көші-қонға қарсы саясатымен танымал, талай рет исламофобиялық әрекетімен көзге түскен оңшыл Chega партиясының өкілі Х әлеуметтік желісінде тамыз айының 1-і күні босқындардың 85%-ы мұсылмандар екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы edmond-sarno.blogspot.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш партияның көсемі Андре Вентура Еуропада мұсылмандар санын күрт қысқартуды ұсынып отыр. Ал Chega партиясының атынан сайланған Педру Фразан есімді депутат мұсылман босқындарын мәдениеті мен діні бір мұсылман елдеріне емес, батыс елдеріне ағылатынын тілге тиек етті. Оссы орайда босқындардың нәсілдік құрамына ең алдымен қандай да бір діни немесе мәдени факторлар емес, экономикалық дағдарыс пен табиғи апаттар және қарулы қақтығыстар әсер ететінін айта кетпекпіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттік келтірген дерекке қарағанда, 2024 жылы әлем қауымдастығының қорғауына мұқтаж босқындар қарасы 42,7 млн адамға жеткені туралы хабарлады. Бұдан бөлек, 73,5 млн адам өз елінің аумағында қоныс аударуға мәжбүр болған, тағы 8,4 млн адам өзге елден пана сұраған. Өткен жылы Еуропа бойынша босқындарды ең көп қабылдаған Германияда (Германия 2015 жылдан бері ең көп босқын қабылдаған жеті елдің арасындағы жалғыз еуропалық мемлекет) 2021 жарияланған есепке сәйкес 2013-2019 жылдар аралығында елге келген босқындардың 69,7%-ның мұсылмандар екені анықталған. Дегенмен, бұл мәлімет Уакрианадағы соғыс басталмай тұрып жарыққа шыққанын кәперде ұстаған жөн. 2024 жылы әрбір он босқынның жетеуі Ауғанстаннан, Сириядан, Оңтүстік Суданнан, Венесуэладан және Украинадан болған. Сирия мен Ауғанстандағы негізгі дін ислам болса, оңтүстік Судан, Украина және Венесуэлада христиандықтың түрлі тармақтарын ұстанады. 2024 жылы украиндар мен венесуэлақтар халықаралық қорғауға мұқтаж босқындардың және басқа адамдардың шамамен үштен бірін құрайтындығын ескере отырып, босқындардың 85%-ы мұсылман болатыны «мүмкін емес». Бұл туралы БҰҰ өкілі EuroVerify дерек көзінде мәлімдеді. Тіпті, мұсылман елдерінен ауа көшкендердің барлығы бірдей мұсылман емес, олардың арасында жергілікті христиандар да, өзне наным-сенімдегілердің де қарасы көп. 2015-2024 жылдар аралығында ең көп босқындар пана іздеген екі ел - Иран мен Түркия. Осы кезеңде ең көп саяси пана іздеген жеті елдің төртеуі - Иран, Түркия, Чад және Пакстан - мұсылмандар көпшілікті құрайтын елдер болды. Бұл мағлұмат мұсылман босқындардың тек Батыс елдерінен ғана пана іздейтіндігі туралы мәлімдемені теріске шығарады.

0 пікір
Мұрағат