Әлемдегі балалардың үштен бірі қорғасынмен уланған
|
UNICEF және Pure Earth коммерциялық емес ұйымы таяуды жариялаған баяндамада келтірілген деректер жаға ұстатады: әлем бойынша балалар қорғасынмен жаппай уланып жатыр. Яғни, әрбір үшінші баланың қанынан аталмыш улы зат табылып отыр. Ғалымдардың алаңдаушылық білдіріп, дабыл қағатындай жөні бар: қорғасынмен уланған баланың ақыл-есінде ауытқу орын алып, кей жағдайда өліп кетуі мүмкін. Әсіресе, нәресетелер организімінде ересектерге қарағанда қорғасын мөлшері көп. Осыған қарамастан бұл проблемаға, әсіресе, дамушы елдерде жете көңіл бөлінбейді. Дәлірегі, әлемде 800 млн-ға тарта баланың қанынан децилитрге шаққанда 5 микрограмм деңгейінде немесе бұдан да жоғары мөлшерде қорғасын табылған. Қанынан қорғасын табылған балалардың жартысы оңтүстік Азияда. Бұған ең алдымен қорғасынды қышқыл аккумуляторлардың тыңғылықты жойылмауы себеп болып отыр. 2000 жылдан бері көлік құралдарының саны үш есеге көбейгендіктен балалардың қорғасынмен улану қатері арта бермек. Сондай-ақ, қорғасыннан құйылған құбырлар мен құрамында қорғасын кездесетін бояулар, т.б. балалар арасында қорғасынмен улануға түрткі болып отыр.