Әлемдегі әскері көп үштік және олардың қару-жарақ арсеналы
|
Әлемдегі жаңалықтар тарататын жетекші ақпарат көздерінің бірі Business Insider әскері көп елдердің рейтингісін түзіпті. Бұл бағытта АҚШ қарулы күштері көш бастаған. Одан кейінгі орынға Ресей Федерациясы жайғасқан. Ал үшінші орыннан Қытай көрінген. Аталмыш рейтингте 50-ге ратта көрсеткіш ескерілген. Соның ішінде, сарбаздар саны бойынша АҚШ-та шамамен 2 млн адам қызмет етеді, 6 мың танкі, 13 мыңнан аса ұшақ, олардың 2 мыңдайы жойғыш ұшақтар, 415 соғыс кемесі бар. АҚШ-тың қорғаныс бюджеті 647 млрд долларды құраған. Ал РФ қарулы күштері сапында 3,5 млн-нан аса адам, 4 мыңға тарта ұшақ, 20 мыңнан аса танкі мен 352 соғыс кемесі бар. Қорғасқа бөлген қаржысы - 47 млрд доллар. Қытайға келсек, 2,5 млн-нан аса әскер, 3 мыңнан аса әскери ұшақ, 7,5 мың танкі мен 714 соғыс кемесі бар. Аталған елдің қорғаныс саласындағы қаржысы да қомақты - 151 млрд доллар. Алғашқы ондыққа, сондай-ақ, Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Германия енген.